Бейсенбі, 17 Қаңтар, 2019

Іздеу

Жапония

1999 жылдан бастап, Жапониия Үкіметі  Қазақстан Республикасына  Алматы қ. ауданындағы сейсмикалық қорғау мен сейсмикалық қауіптілікті бағалау үшін сейсмомониторингті жалғасытру және жетілдіру саласында техникалық көмектер көрсетіп келеді.: Институтқа күшті қозғалыстарды тіркеу бойынша заманауи сейсмологиялық жабдықтар, сандық сейсмикалық стансалар, GPS әдісімен заманауи қозғалыстарды зерттеу үшін аппаратура, есептеу техникасы, материалдарды өңдеу және түсіндіру жөнінде бағдарламалық құралдар келіп түсті. Институттың мамандары сейсмологиялық ақпараттарды өңдеу бойынша заманауи технологияларды меңгеріп,  Жапонияда тәжірибеден өтті.

1997-1999 жж.  Институт Германия, Италия, Ресей және Украина ғалымдарымен бірігіп,  INCO-COPERNICUS  бағдарламасы бойынша "Жоғары және төмен сейсмикалық қатерлері бар жерлердегі әртүрлі параметрлер мен сейсмикалылықтар арасындағы өзара байланыстар» деген тақырыпта зерттеулер жүргізді.

JICA халықаралық ынтымақтастығы бойынша Жапония агенттігімен ынтымақтастық шеңберінде Glossary Link Сейсмология институтында " Қазақстан Республикасының Алматы аймағындағы сейсмологиялық қорғау мен сейсмикалық қауіптілікті бағалау жөнінде сейсмологиялық мониторинг жүйесін жалғастыру  және жетілдіру» жобасы жүзеге асырылды.  Техникалық ынтымақтастықтың негізгі бағыты жерсілкінісіне дайындалу үрдістері мен сейсмикалық қауіптіліктерді азайту мақсатында жер бетінің нүктелер координатын жоғарынүктелі анықтау үшін бақылау – GPS жүйесін  дамыту болды.

 

Жобаға Қазақстандық тараптан қатысқандар:

• ҚР Сыртқы істер министрлігі

• ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

• ҚР Білім және ғылым министрлігі

• ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

• ҚР Ұлттық ғылым академиясы

• ҚР БҒМ Сейсмология институты

• ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы

 

Жапония жақтан:

• Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі

• Халықаралық ынтымақтастықтар жөніндегі Жапония Агенттігі

• Токия университеті

• Жапония Құрылыс министрлігі жанындағы Халықаралық инженерлік сейсмология институты

• Тцукуба қ. Мамандарды дайындау оқыту орталығы

 

Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі $1200000 құрады.

Бұрыннан бар бақылау - GPS жүйесі 1992 ж. қызмет атқарды, бұған аймақтық желінің 70 пункті қатысқан болатын.  GPS технологиясы бойынша өлшеулер жүргізу үшін өзінің меншікті құралдары болған жоқ.  Желілер сауалнамасы жылына бір рет РҒА ЖТИ ҒС (Бішкек қ.) ұсынған әдістемелер бойынша жүргізілген болатын. Алғашқы бақылауларды өңдеуге арналған өңдеуші бағдарламалар мен талап етуші техникалық құралдар да болған жоқ.  Көлденең ауыстыруларды құру  карталары бойынша  дағдылар болған жағдайда,  заманауи  қозғалыстар бойынша жер қыртысының динамикалық процестерін зерттеу  бойынша дағдылар байқалған мәлiметтердiң негiзінде  деформация процестерiнiң карталарын есептеу және құру жөнінде жабдықтар iс жүзiнде толығымен болмады.

Ынтымақтастықтың бұл бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жапондық тараптан берілгендер: GPS жоғарынүктелі технологиясы бойынша жерді бақылау үшін қажетті техникалық құралдарымен кешенді түрде далалық аппаратураның 4 топтамасы және мәліметтерді өңдеу үшін бағдарламалық құралдар. Одан басқа біздің институттың бірнеше қызметкерлері далалық бақылау әдістемелерін  және GPS-бақылаудың мәліметтерді зертханалық өңдеу технологиясын    меңгеруді үйрену оқуынан өтті.   Алматы қ. маңында GPS жергілікті желісі және эксперименттік бақылау ұйымдастырылды.

Жобаны жүзеге асыру барысында келесі нәтижелерге қол жетті: мамандар далалық жағдайда бақылау жүргізу технологияларын, мәліметтерді алғашқы бетте өңдеу және жер қыртысының динамикалық үдерістерін меңгеру және нәтижелердің келесі талдауды үйренді, жер қыртысының геодинамикалық ахуалының бағасы және  жерсілкінісінің ошақты жерлерінің қалыптасуы жақсарды,  Жапония аумағында GPS – бақылауды пайдалану жөнінде дәрістер топтамасы оқылды.

Осылайша, болашақта басқа да келешегі зор мақсаттар іске асырылуы мүмкін, мәселен жойқын жерсілкіністерін болжау арқылы ортаның геодинамикалық жағдайын болжау сапасының жақсаруы сияқты, заманауи қозғалулар мен жер қыртысының деформациясы саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту,  GPS стансаларының перменттік жергілікті желілері мен мәліметтерді шұғыл алу  және т.б. ары қарай дамыту іске асады.

"Қазақстан Республикасының Алматы аймағындағы сейсмологиялық қорғау мен сейсмикалық қауіптілікті бағлау жөнінде сейсмологиялық мониторинг жүйесін жалғастыру  және жетілдіру» қазақстандық-жапондық біріккен жобасының қорытындылары

Қазақстан аумағында жерсілкінісі – халықтың қауіпсіздігіне қауіпті және елдің экономикалық әлеуетіне апатты зауалдардың бірі. Соңғы  100-120 жылда бұл жерде  9 жойқын жерсілкінісі болды, оның үшеуі әлемдік апаттардың дәрежесінде, (Верный, 1887; Шелек, 1889; Кемен, 1911), олардың әсерінен Алматы қаласы мен оған қарасты елдімекендердің барлық құрылысы қирады, адамдар қаза болды.

ҚР БҒМ Сейсмология институтының ғылыми зерттеулері бойынша  Солтүстік Тянь-Шанның Орталық бөлігінде екі жер айқындалған,  олардың шамасында 6 магнитудан асса жерсілкінісі болу мүмкіндігі жетерліктей үлкен болып саналады.

Есептердің көрсетуінше, Алматы қаласы төңірегіндегі жойқын жерсілкінісінің болуынан  80% астам құрылыстар қирайды және 300 мың адам апатты зауалдың құрбаны болады.

Солтүстiк Тянь-Шанның ең сейсмикалық қауiптi бөлiгiнде мықты жерсiлкiнiстерiнен қиратушы зардаптарды азайту үшiн сейсмологиялық бақылаулар мен  жерсiлкiнiстерді болжау жүйесі құрылды. Ол 60-шы жылдары КСРО-да шығарылған аппаратуралармен жабдықталған болатын. 40 жылдың ішінде аппаратураны қолдану мерзімі моральдік және физикалық тұрғыдан ескірді. Осыны ұғынғандықтан Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі жағдайда сейсмикалық апаттар мен елдің экономикалық әлеуетін қорғау барысында халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету міндетімен Қазақстан Республикасы Үкіметі Жапония Үкіметіне Қазақстан Республикасы Алматы аймағындағы сейсмологиялық мониторинг жүйесін жетілдіруге техникалық көмек көрсету өтінішімен ұсыныс жолдауға тура келді. Жапония Үкіметі бұндай көмек беруге шешім шығарып, 2000 жылы Халықаралық ынтымақтастықтар жөніндегі Жапония Агенттігі (JICA) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институты  " Қазақстан Республикасының Алматы аймағындағы сейсмологиялық қорғау мен сейсмикалық қауіптілікті бағалау жөнінде сейсмологиялық мониторинг жүйесін жалғастыру  және жетілдіру» шағын жобасын жасады. Жобаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Сейсмология институтына техникалық көмек көрсетіп, қазіргі Алматы қ. ауданындағы сейсмологиялық бақылаулар жүйесін заманауи сейсмикалық аппаратуралармен қайта жабдықтау,   жер бедерінің қазіргі заман қозғалыстарын космостық геодезия (GPS-бақылау) арқылы зерттеу; қазақстандық мамандарды жаңа аппаратуралармен бақылауға байланысты, алынған ақпараттарды өңдеу және талдау жұмыстарына үйрету.

 

Сейсмологиялық бақылаулар жүйесін заманауи сейсмикалық аппаратуралармен жабдықтау

 

Алматы қаласы ауданындағы сейсмологиялық бақылау жүйесі бірін бірі толықтырып отыратын үш желіден тұрады:

• телесейсмикалық желі,

• аймақтық желі,

• жергілікті желі.

 

Телесейсмикалық желі. Қазақстан мен шектес мемлекеттер аумағының сейсмикалық оқиғаларын бақылауды қамтамасыз етеді.  Магнитудалық деңгейі 4,0 және одан көп. Барлық  пункттер негізінен  СК және СКД типтес сейсмометрлермен жабдықталған. 2001 жылы  Медеу пунктіне Қазақстанға Жапония үкіметі тарту еткен CMG-3T көпсалалы жаңа  сейсмометрі  орнатылды.

Аймақтық желі Алматы облысы мен оған шектес аймақтар аумағында болған 7 астам энергетикалық класты жерсілкінісін тіркеуді қамтамасыз етеді. Тіркеу ретінде негізінен СКМ типтес сейсмометрі қолданылады. 2002 жылдан бес пункте олар (Күрті, Майтөбе, Алматы, Шошқалы және Түрген) Қазақстанға Жапония үкіметі тарту еткен QUANTERRA Q720 тіркегіштер  негізінде жаңа сандық сейсмикалық кешендермен алмастырылды.

Жергілікті желі күшті қозғалыстарды қадағалауды қамтамасыз етеді.  Алматы қ. аумағында 2000 жылға дейін барлығы 8 пункт қызмет атқарды. Сейсмикалық тербелістерді тіркеу қағаз жүзінде жүргізілді, аппаратуралар физикалық және моральдық тұрғыдан ескірді.

2000 жылдан Алматы қаласы аумағында күшті қозғалыстардың жаңа желісі құрылды. Қадағалау пунктері "ALTUS-ETNA" кеңкөлемдегі динамикалық диапазонды сандық акселерографтар топтамасымен жабдықталды. Жоғарыда айтылғандай, аппаратураны Жапония үкіметі ұсынған болатын.

Қадағалаулар желілерін  GPS құралды жер бедерлерінің қазіргі заман қозғалыстарымен жабдықтау

GPS  құралдарымен қазіргі заман қозғалыстарын қадағалау Қазақстанда  1992 жылдан жүргізіліп келеді. Өлшеуіш ретінде TRIMBLE 4000 SSE типтес далалық аппаратура қолданылды, бұны АҚШ тарту еткен.  Алынған материалдар Қазақстанда емес, Ресей ғылым академиясы Жоғары температуралар институты Геодинамикалық полигон орталығында (Бішкек қ.) өңделді. Өңделген материалдар ҚР БҒМ Сейсмология институтына тәртіп бойынша 8-10 айдан соң келіп түсетін.

Жапония Үкіметі далалық жағдайда GPS-бақылау үшін жабдықтардың 4 топтамасын әкеліп берді. Осы аппаратуралардың көмегімен 2002 жылы Қазақстан аумағында орналасқан барлық пунктерде қадағалау жүргізілді.

Компьютерлік  технологиялармен сейсмикалық материалдарды өңдеу және талдау үдерістерін   қамтамасыз ету

 

Қазақстан аумағында алынған сейсмологиялық материалдарды өңдеу және талдау үдерістерін автоматтандыру мақсатында, Жапония Үкіметі бағдарламалардың көп түрін ұсынды. Төменде қызметкерлер меңгерген бағдарламалық құралдардың тізімі берілген:

• Ғимараттар мен құрылыстардың әрекетін моделдеу үшін статистикалық және динамикалық талдау бағдарламалары

• Quantera Q 730  аппаратурасы көмегімен тіркелген жерсілкіністер жазбаларын тіркеу және өңдеуге арналған  SAC-2000 Бағдарламалық пакеті

• күшті қозғалыстар жазбаларын өңдеуге арналған "Strong Motion Analyst" Бағдарламалық кешені

• LINUX Операциялық жүйесі

• карталар мен графиктерді құруға арналған GMT Графикалық пакеті

• HIPKAZAK гипоорталығына есеп жүргізу бағдарламасы

• KAZAKMEC ошақтарының механизмін анықтау бағдарламалары

 

Сейсмология саласындағы қазақстандық мамандарды оқыту және  біліктілігін жетілдіру

Институт мамандарын дайындаудың мақсаты сейсмомониторинг жүйесін үйрену саласындағы жапондық технологияларды меңгерту  және оқыту, жаңа аппаратуралар мен Қазақстан аумағында алынған эксперименттік материалдарды өңдеу бағдарламаларын меңгеру болып табылады.

Мамандарды даярлау екі бағытта жүргізілді: Жапонияға тәжірибеге бару және жапондық сарапшылардың кеңес беру жолы арқылы. Институт мамандарының Жапонияға тәжірибеден өтуге барған сапарлары ұзақмерзімді (жылдық) және қысқамерзімді (бір айға дейін) болды.

Жылдық стажировканы қазақстандық мамандар Тцукуба қаласында өткізді, бұнда JICA оқу орталығы бар. Олар сейсмикалық қатерлерді бағалау және жерсілкінісін болжау арқылы сейсмологиялық материалдарды өңдеуге және интерпретациялауға байланысты компьютерлік технологияларды меңгерді.  Алған білімдерін қазақстандық мамандар күнделікті жұмыстарында кеңінен пайдаланады. 2000-2003 жылдары Институттың 10 маманы Жапонияда стажировкадан өтті.

 

Қызметкерлердің оқуы жапондық сарапшылардың кеңес берумен орындарында мына оқу бағыттары бойынша жүргізілді:

• Сейсмомониторинг жүйесін жетілдіру

• Сейсмомониторинг жүйесін жетілдіру үшін GPS – мәліметтерін жинау

• Сейсмологиялық және GPR – мәліметтер жинақтарын талдау мен басқару

 

Жобаны жүзеге асыру үшін жапондық тараптан 2 ұзақмерзімді сарапшылар (үйлестіруші)  келді - доктор Хидеаки Комияма және профессор Кен Судо. Доктор Хидеаки Комияма жүргізген ұйымдастырушылық жұмыстарынан басқа  ғаламторға қосылған жергiлiктi жүйе құрылды,  екi халықаралық семинар ұйымдастырылды және өткiзiлді, ағылшын тiлiнiң курстары ұйымдастырылды. Профессор Кен Судо Институттың қызметкерлері үшін сейсмология жөнінде дәрістер топтамасы және жас ғалымдар үшін коллоквиумдар  ұйымдастырды.

Жобаны орындау мезгілі ағымында 9 сарапшы  Институт мамандарына оқыту өткізді, бұдан басқа, семинар әзірлеу үшін жапондық тараптар  6 зерттеу топтарын жіберді.

 

Жапония үкіметінің Сейсмология институтына көмек көрсеткені арқасында 2000-2003 жж. дайындалғандар:

• 10 адам Жапонияға стажировкаға бару арқылы

• 18 адам орындарында жұмыстың заманауи әдістеріне оқытылды,  алынған сейсмологиялық және GPS-аппаратураны қолдану үшін бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы

• 25 адамнан астам өз білімдерін ағылшын тілінде жетілдірді.

• қызметкерлер интернет желісінің әлемдік ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік алды

 

Жобаның орындалуының негізгі нәтижелері мыналар:

• сейсмикалық қауіптілікті бағалау және Алматы аймағындағы жерсілкінісін болжау сапасын жақсарту үшін жағдай мен инфрақұрылым жасалды.

• Алматы қ. аумағының сейсмошағынаудандастыру картасын жаңарту үшін жағдай мен инфрақұрылым жасалды

• қатты жерсілкінісі  болған кезде, тіпті, сейсмикалық қатерлерді азайтуда әрекет етуге жоспарларды жетілдіру, құрылыс нормаларын жақсарту, қалақұрылысы жоспары үшін жағдайлар жасалды

Елбасының сөйлеген сөздері