Сейсенбі, 11 Желтоқсан, 2018

Іздеу

Қырғызстан

Glossary Link Сейсмология  институты сейсмология  мәселелерiне арналған көптеген шетелдiк ұйымдармен белсене ынтымақтасады. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтері арасындағы «Жерсiлкiнiстерiн зерттеу  және сейсмикалық қауiп-қатердi болжау төңiрегiндегi  ынтымақтастық туралы» келісімді орындау мақсатында 1995 жылдың  24 сәуірінде Қырғыз Республикасы ҰҒА мен Қазақстан Республикасы БҒМ Сейсмология институты арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар туралы келiсiм-шарт жасалды.

 

Институт РҒА Жоғары температуралар біріккен институты Ғылыми стансасымен Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумақтарындағы геодинамикалық үрдістер мен сейсмикалылықтың туындауындағы ортақ заңдылықтардың пайда болуы жөнінде біріккен жұмыстар жүргізеді.

 

Бұдан бөлек, мыналармен халықаралық ынтымақтастықтар жүзеге асырылады:

• Халықаралық геодинамикалық орталықпен (Бішкек қ.);

• Қырғыз Республикасы ҰҒА Сейсмология институтымен;

Елбасының сөйлеген сөздері