Қытай
Қазақстандық және қытайлық сейсмологтер арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық уақыттың әртүрлi кезеңдерінде қол қойған құжаттар негiзінде құралған.
• 1989 жылы қол қойылған «Қаз.КСР ҒА СИ мен ҚХР ШҰАА арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы» келiсiм.
• 1994 году қол қойылған «ҚХР МСБ мен ҚР ҰҒА арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы» келiсiм
• 1997 жылы қол қойылған «1997 – 2003 жылдарға ҚХР ШҰАА СБ мен ҚР БҒМ СИ арасында
сейсмология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы» келiсiм
• Астана қ. 12.09.2001 жылы қол қойылған «Жерсiлкiнiстерiн зерттеу саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар туралы» Қытай Халық Республикасының Қытай Сейсмологиялық бюросы мен Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi арасындағы келiсiм
• 03.12.2001 қол қойылған «Сандық сейсмикалық аппаратураны Қазақстанда тегiн қондыру мен жабдықтау туралы» ҚР БҒМ Сейсмология институты мен Қытай Сейсмологиялық бюросының халықаралық ынтымақтастығы департаменті арасындағы келiсiм
• 2002 жылы 29 қыркүйегінде Бішкек қаласында қол қойылған«Орталық Азия аумағындағы геодинамикалық процестерді зерттеу» бiріккен халықаралық ғылыми-зерттеу жобасын орындау туралы» ҚР БҒМ СИ, РҒА ЖТИО ҒК және ҚХР ШҰАА СБ араларындағы келісім
• Алматы қаласында 29.09.2003 ж. қол қойылған «Қазiргi заман геодинамикасы және Орталық Азияның сейсмикалық қатерлерi» атты Бесiншi Қазақстан - Қытай халықаралық симпозиумының қарары
• Алматы қаласында 2003 жылы 30 қыркүйекте қол қойылған V Қазақстандық - Қытай халықаралық симпозиумының аяқталуына байланысты ҚР БҒМ Сейсмология институты мен ҚХР ШҰАА СБ, ҚХР Мемлекеттік сейсмология бюросының делегациясы кездесуінің хаттамасы
• Алматы қаласында 02.10.2003 жылы қол қойылған «ҚХР ШҰАА Сейсмологиялық бюросы мен ҚР Сейсмология институты арасында сейсмология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар туралы» келiсiм
• 2004 жылы 12 қарашада қол қойылған «ҚР БҒМ СИ мен ҚХР ШҰАА СБ арасында мамандармен айырбас туралы» келiсiм-шарт.
Қазіргі таңда Сейсмология институты ҚХР-мен өз ынтымақтастықтары «Сейсмология, сейсмикалық қауiп-қатерлердi болжау және бағалау саласындағы ұзақмерзiмдi ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Жерсiлкiнiстерi мәселелері бойынша ҚР БҒМ мен Қытай басқармасы арасындағы түсiнiстік туралы меморандум» (2009 ж. сәуiрі ), сондай-ақ, «Сейсмология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар туралы ҚХР Шыңжан Ұйғыр Автономиялық ауданы Сейсмологиялық бюросы мен ҚР Сейсмология институты арасындағы келiсiм» (23.05.2008 ж.) негіздерінде жүзеге асып отыр.
2010жылдың 2-4 маусымында «Жерсiлкiнiстерін болжау, Орталық Азияның сейсмикалық қауiптіліктері мен сейсмикалық қатерлерін бағалау» атты 7-ші Қазақстан-Қытай халықаралық симпозиумы өткiзiлді. Өткізілген орны – Алматы қ., «Сейсмология институты» ЖШС.
Бұны әркім білуі керек
Сілтемелер
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
"ПАРАСАТ" Ұлттық Ғылыми-Технологиялық Холдингі" АҚ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Үкіметі
РҒА О.Ю.Шмид ат. Жер физикасы институты
Арнайы сейсмикалық ақпаратты жинайтын және өңдейтін орталық