Сейсенбі, 11 Желтоқсан, 2018

Іздеу

Ресей

Glossary Link Сейсмология  институты мен О.Ю.Шмид атындағы Жер физикасы  бiрiккен институты  арасындағы  ғылыми-техникалық ынтымақтастықтар  туралы келiсiм-шарты шеңберiнде  екі жақ Glossary Link сейсмограмма материалдарының көшiрмелерiмен,  күшті жерсiлкiнiстерiнiң жазбаларымен,  сейсмологиялық бюллетендермен алмасады.


Одан басқа, халықаралық ынтымақтастықтар мыналармен жүзеге асырылады:

• РҒА Орал бөлімшесінің Геофизика  институтымен;

• Мәскеу мемлекеттік геологиялық университетімен;

• РҒА Ақпараттарды беру проблемалары институтымен;

• Экологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу орталығымен (Санкт-Петербург қ.);

• Воронеж мемлекеттік университетімен;



Ынтымақтастықтардың нәтижелері:

• Сейсмологиялық бюллетендермен прогностикалық полигондарға сейсмологиялық, геофизикалық, гидрохимиялық және тағы басқа бақылаулардың мәлiметтерiмен алмасу;

• Жерсілкінісі Каталогының жарияланымдары;

• Алматы болжамдық полигонын  заманауи сейсмологиялық жабдықтармен, жерсерiктiк геодезия  аппаратураларымен,  жаңа технологиялармен жабдықтау;

• Мұнай-газды кенорындарының геодинамикалық мониторингінің тұжырымдамасы мен  регламентін әзiрлеу;

• Бiрлескен семинарлар, симпозиумдар  өткізу;

• Мамандардың стажировкасы;

• Біріккен еңбектерді басып шығару.



Ресейдiң Қазақстандағы жылдарына арналған шаралар тiзiміне сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Сейсмологиял институтында 2004 жылдың 22 - 24 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жетекшілігі бекіткен  «жер сiлкiнiстерi  болжамының және сейсмикалық қатерлерді бағалаудың геодинамикалық, сейсмологиялық және геофизикалық негiздерi» деген тақырыпта  Қазақстан-Ресей халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтедi.

Конференцияны  ұйымдастырушылар.


Қазақстандық тараптан:

• ҚР Білім және ғылым министрлігі;

• ҚР БҒМ Ғылым департаменті;

• ҚР БҒМ Сейсмология институты;

• ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы;

• ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі;




Ресей жақ тараптан:

• РҒА Жер физикасы институты;

• РҒА СО Геология және геофизики институты;

• РҒА Жоғары температуралар институты;

• РҒА ЖТИ Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы – Геодинамикалық полигоны.



Конференция жұмыстарына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекшi ғылыми-зерттеу ұйымдарын таныстыратын белгiлi ғалымдар мен мамандар қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 150 адам. Конференцияға сонымен бірге ірі мұнай компаниялараның, облыстық әкімдіктің өкілдері шақырылды.  Конференцияда сейсмикалық қауiптілікті бағалау,  оның ішінде шикізатты аудандардың сейсмикалық қатерлері мен  жерсiлкiнiстерiн  болжау үшін геодинамика  мен сейсмология салаларындағы маңызды жетістіктер бойынша Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан  және Өзбекстанның  жетекшi ғалымдарының 100-ден астам баяндамалары тыңдалып, талқыланатын болады. Конференцияның қазiргi заман сейсмологиясының  ең маңызды мәселелерiн шешуде Орталық Азия, Қазақстан, Ресей  және ҚХР ғалымдарының байланыстарын күшейту үшiн сейсмология саласындағы  Қазақстан мен Ресей ғалымдарының арасында байланыстарды нығайтуда үлкен маңызы бар.  Конференцияның  ғылыми және тәжірибелік нәтижелерiнің жобалаушылар мен  құрылысшылар, мұнайшылар мен экологтер,  жерсiлкiнiстерiнiң қатерлері және болжамдарымен, сейсмикалық қауiптіліктерімен шұғылданатын  ғалымдар мен  мамандар  үшiн өлшеусіз мән-мағынасы бар.

Елбасының сөйлеген сөздері