Бейсенбі, 17 Қаңтар, 2019

Іздеу

Зардаптар

Жер сiлкiнiстерiнен болған зиянның болжамымен  күшті және апатты жерсiлкiнiстерiнен болуы мүмкiн зардаптардың бағасы түсiндiріледi, бұл геологиялық ортаның қайтымсыз өзгерiстерiн, өнеркәсiптiк, ауылшаруашылық және азаматтық нысандарды қиратуға қорқыныш тудыруы мүмкін. Одан бөлек, әлеуметтiк ысыраптар болуы мүмкін,  бұлар жарақаттанушылықпен байланысты болады, сондай-ақ, жабдықтаудың бұзылғанынан көлiк коммуникацияларының зақымдануына,  өмір сүру-тұрмыстық жағдайдың нашарлауына, апатты аудандардан халықтың көшуіне, адамдардың еңбек белсендiлiгiнің төмендеуін қатысты да болады. Барлық белгiленгендер мемлекеттiң ауқымындағы елеулi экономикалық ысыраптармен құйылады. Сондықтан, жер сiлкiнiстерiнен және екiншi факторларда олармен байланысты жағдайлардан болған экономикалық және әлеуметтiк шығындарды  кешендi болжау әдiстерін  әзiрлеумен   Glossary Link Сейсмология институтында жер сiлкiнiстерiнен болған шығындар зертханасы айналысады (жетекшiсі  Т. Абақанов).

Теориялық  зерттеулер  әртүрлi елдердегі апатты оқиғалардың зардаптарын зерттеу жолдары арқылы әртүрлi күштегі  жер сiлкiнiстерiнiң динамикалық әсерлерiнен күтiлетін шығындарды бағалау белгiлерiн әзiрлеуге  бағытталған. Бұл жоспарда келесi нәтижелер алынды:

• Қазақстан Республикасы аумағында  күтiлетін жер сiлкiнiстерiнен балдықтың болжамдық изосейсталарын құру  әдістемесі жасалды және бағдарламасы жетілдірілді, бұл гипоцентрдің тереңдiгiн, магнитуданы,  ВОЗ аймақтардағы  жерсiлкiнiсi ошақтарының тұрған орыны мен ұштасқандығын  ескереді.

• Соңғы 100 жылда  әлемде болған қиратушы жер сiлкiнiстерiнiң зардаптарын тексеру материалдарын жинау, өңдеу, талдау  және түсiндiру негiзінде 6-дан 10   Glossary Link балл аралығында  қарқындылық көрсеткен сейсмикалық әсерлерден елдiмекендердегi құрылыстардың қирағанынан болған әлеуметтiк-экономикалық шығындарды болжау үшiн  әдiстемелер жасалды және бағдарламалық қаражаттар әзірленді.

• Есептеудiң әдiстерi әзірленді, иілгіштіктің, қаптаудың пайызына, оңтайлы параметрлерiн таңдап алу үшiн және сейсмикалық типтегі жүктемелердiң жағдайында  деформациялану серпiмдi және серпiмдi - майысқақ кезеңінде ғимараттардың тірегіш темiр-бетонды құрылымдарын  статикалық  анықталмайтын бетонның класының номограммалары жасалды.

• Нақты және жасанды жер сiлкiнiстерiнің  акселерограммаларын  қолдану арқылы құрылымдардың материалдарын толық деформациялау диаграммасын есептеумен сейсмикалық әсерлерге  қаттылықтың диафрагмаларымен  қаңқалы ғимараттардың есебін жасау  әдiстемесi істелді.

• Ғимараттардың құрылымдар   элементтерiндегі және топырақтардың қайтымсыз иiлiмдiлiк деформацияларындағы зақымдануларды есептеу арқылы  сейсмикалық әсерлерiнің "топырақ-ғимарат"  жүйесін есептеу әдiстемесі,  алгоритмі және бағдарламасы әзірленді.

• Қабаттарына байланысты ғимараттардың тірегіш үлкен панелдi және қаңқалы қабырғаларының еркiн тербелiстер кезеңдерiн анықтау үшiн талдамдық өрнектер алынды.

• Топырақтың сейсмикалық тербелiстерiнiң доминант кезеңдерiне байланысты резонансты болуы мүмкiн оның биiктiгi бойынша құрылыстың қимасының еркiн тербелiстерi болуы мүмкiн кезеңi ескерiлген түтiн мұржалары типтес зәулiм құрылыстарды  дәл аналитикалық есептеу  әдiстемесі жасалды.

• Сейсмотөзiмдi ғимараттар мен құрылымдардың жаңа техникалық шешiмдері әзірленді, серпiмдiлiк сипаттамалар  мен сенiмдiлiкте көтерілген  бұлар резонанстан шығатын жол және сейсмикалық тербелiстер  жүйесі  энергиясының үлкен шашырау  қасиеттерiне ие болып отыр.

• Алматы қаласы үлгісінде  топырақтардың спектрлiк сипаттамаларын пайдаланудың негiзiнде сейсмикалық шағынаудандастыру  (США ) карталарын жасаудың  принциптi жаңа әдiстемесi әзірленді, бұнда барлық тұнба қаптамасы ортасының тығыздық және  жылдамдықтық сипаттамалары  ескерiлген. Карталардың салынған топтамасы  жобалау сатысында топырақтар мен құрылыстардың  резонанстық тербелiсін болжауға және шарлап шығуға мүмкіндік береді.

 

Зерттеулердiң практикалық жүзеге асуы төмендегiдей болады:

 

• Жанама сейсмотелеметрикалық аппаратураны  пайдалану арқылы  күрделi инженерлiк құрылыстардың тербелiстер  параметрлерiн табиғи анықтау жүргізілді, қашан өлшегiш аспаптар нысандарда орнатылғанда, ал барлық есепке алатын аппаратуралар базалық пункте орналасытырлғанда,  бiрiншiден елеулi қашықтықта орналастырылған,  ал барлық ақпараттар өлшегiш аспаптардан байланыстың сейсмотелеметрикалық каналдары бойынша тіркегішке қарай  қотарылады.  Осы әдiстi  пайдалану  уақыт үнемдеуге, құрылымдардың тербелiстерiн тiркеу  кезінде қалдықтарды шығарып тастауға, далалық жағдайларда және жерсiлкiнісі кезiнде аппаратураның жұмыс iстеу сенiмдiлiгін қамтамасыз етуге мүмкіндік бередi.

• Қапшағай суторабының (апанды және арналы бөгеттер, тасты шыңыраулар) қысым фронты  тербелiстерiнің  динамикалық сипаттамаларын анықтау бойынша табиғи зерттеулер жүргізілді,  сонымен бiрге,  арналы бөгеттiң сынақ үлгiсі жүргізілді. Осы  мақсатта Сейсмология институтында құрылымдардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгiлерiн, сонымен бiрге берiлген амплитудалық-жиiлiк режимде жұмыс iстейтiн топырақтардың сейсмикалық типтес қарсы таңбалы динамикалық әсерлерін сынау үшiн сейсмоплатформа дайындалды. Сейсмоплатформаның негiзгi техникалық сипаттамалары: сыналып отырған құрылымдардың ең жоғары салмағы - 2 тонна; жиiлiктер ауқымы - 0, 1 50 герц; ажырау амплитудасы - 2, 5 10 мм. Сейсмоплатформаны қолдану арқылы  сейсмикалық типтегі айнымалы таңбалы жүктемелерге бөгеттiң шағын масштабты модельдерін  сынау жүргізілді. Жүргізілген  зерттеулер Қапшағай суторабының қысым фронты  нысандарының нақты сейсмикалық сенiмдiлiктерін бағалауға мүмкiндiк бердi.

• Биiк таулы және ойлы-қырлы жерлер  жағдайындағы  арнаулы (тау өзендердегі  СЭС  сарқырамасының ғимараттарына, үңгiжолдарына, жоғары қысымды бу  құбырларына және тағы басқа құрылыстарға) бекіткен құрылыстардың сейсмотөзiмдiлiгіне  тексеру  әдiстерi таныстырылды.

 

Алынған нәтижелерді тек қана Алматы қ. мен Қазақстан Республкасының сейсмобелсенді аймақтарында ғана емес, сонымен бірге  жерсілкінісіне ұшыраған алыс және жақын шет елдер аумақтарында да қолдануға болады. Сейсмотөзiмдi құрылыстардың техникалық шешiмдерін, есептік әдiстемелерін,  қолданбалы бағдарламалардың  номограммалары мен пакеттерін ғылыми–зерттеу  және жобалық ұйымдар пайдалана алады.

2003 жылдың 11 желтоқсаны күні Алматы уақытымен 07 сағат 39 минутта ҚХР-дың Қазақстанмен шектес аумағында күшті жерсiлкiнісі болды.

«Алматы» Орталық сейсмикалық обсерваториясының мәлiметтері бойынша Алматы қаласынан 310 км  оңтүстiк-шығысқа қарай жерсiлкiнiсiнiң ошағы болды. Жерсiлкiнісі  эпицентрiнiң координатасы j = 42°52` с.ш., l = 80°39`  j = 42°52`., магнитудасы  Мs = 5,7  (  энергетикалық класы К = 14.0). Қазақстан аумағында ең күштi жерсiлкiнiсі Алматы облысы Райымбек ауданында байқалды. Эпицентрлiк  аймақтардың  шегiнде шектелген аумақтағы қарқындылық оның жер бетiндегi пайда болуы MSK- 64 шкала бойынша 7 балға жеттi.

Жерсiлкiнiсі ауданындағы сейсмотектоникалық жағдай 01.12.2003 ж. Оңтүстiк Кетмен және оған оңтүстiктен  жанасушы Басылутау жерсiлкiнiсi туындаған аймақтар арқылы байқалды. Жер сiлкiнiсi болған ошақтармен  ұштасқан аймақтарға ең бір болуы мүмкін сынықтар солтүстiк-шығыстық  созылып жату сынықтары бар жақындау жерлер Сүмбі, Басулытау  және Шөладыр топтары болып табылады. Сейсмикалық аудандастыру картасында ошақ шайқалулардың сегiз балдық облысында орналасқан,  плестосейстовтік облыстың   керiлген пiшiнi бар және эллипсының үлкен өсi осы ошақ уақытқа тұралаған сынықтардың созылып жатуы арқылы   дәл келеді.

Макросейсмикалық отряд арқылы 40 шақты елдімекенге  тексеру жүргізілді. Макросейсмикалық тексерудiң нәтижелерi  бойынша изосейсталар  карталары  салынды, бұнда  Қазақстан аумағындағы сiлкiнетiн 7, 6, 5 және 4 балдық аймақтар  ерекшеленеді. Қазақстан аумағында күштi жерсiлкiнiсi эпицентрiнен 20 шақырым жерде орналасқан Сүмбе елдi мекенi қатты зақымданды.  Жекеше құрылыстардың басым көпшiлiгi саманнан салынған. Күйген кiрпiштен салынған ғимараттар да ұшырасады, оның көпшілігі әкiмшiлiк мәнді мекемелер (мектеп, әкiмшiлiк, амбулатория). Қабырғалардағы  терең теспе жарықшақтар,  түтiн мұржаларының  бөлшектерiнің құлауы сияқты зақымданулар кездеседі.  Жеке үйлер қабырғалардағы ойықтар және олардың төбесінен қалдықтардың құлауы сияқты 4-дәрежелі  қирандыларға ие болды. Күйген кiрпiшті ғимараттардың қабырғасынан крест тәрiздi жарықшақтар байқалды, сылақтардың үлкен кесектерінің шағылып түсуі байқалды.  Адамдардың көпшiлігі  қорқып, үй-жайларынан қашып шықты. Көп адамдар аяқтарында зорға тұрды, көбі лоқсыды. Iс  жүзiнде 6-балдықта барлық саман үйлердің бөлмелерінің бұрыштарында жарықшақтар байқалды. Бұл типтес жеке құрылыстардың қабырғаларында теспе жарықшақтар айқын көрініп тұр.  Кiрпiш ғимараттардың бұрыштарынан жіңішке зақымдану жарықшақтары байқалды. Олардың кейбіреулерінің панелді жабындыларындағы тесіктер істелді. Текес ауылындағы орта мектепте тiрек қабырғалар мен орта тiректер арасында  5 см көлемге дейiнгі жарықшақтар пайда болды. Көптеген сыныптарда шынылар жарылған. Қытайдың шекараға шектес аумағында 2003 жылдың 1 желтоқсанында  болған жерсiлкiнiсi  жалпы сейсмикалылықтан асып, осы аймақтың сейсмикалық режимiнің  табиғи пайда болуы сияқты қарастырылады.

Сүмбе ауылындағы үйлердің зақымдануы

 

01.12.2003 ж. Жерсiлкiнісі  ауданы.

қызыл жұлдызша - жерсiлкiнiсiнiң эпицентрi, үшбұрыш: жасыл - кешендi, көк - геофизикалық, сары - сейсмотелеметрикалық және қызыл – салынып жатқан стансалар.

Елбасының сөйлеген сөздері