Сейсенбі, 11 Желтоқсан, 2018

Іздеу

Жалпы бағыттар

Ғылыми зерттеулер бағыты:

• сейсмикалық режимді зерттеу және сейсмикалық қауіпті бағалау;

• аумақтарды жалпы, бөлшектеп және шағынсейсмоаудандастыру;

• жерсілкінісінің мониторингін болжау;

• жерсілкінісінен сейсмикалық қатерлерді бағалау және шығындарды болжау;

• қауіпті техногендік үдерістердің геодинамикалық мониторингі және болжау;

Glossary Link сейсмология саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын құру.

Қызметкерлердің 2011 жылға жалпы саны (іргелі зерттеулер бағдарламасы мен қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бойынша) – 154 адам, оның ішінде қызметкерлердің штаттық саны (ІЗБ бойынша тұрақты негізде) – 77,5 адам, ғылым докторлары − 7, ғылым кандидаттары − 15, академиктер − 4, корреспондент мүшелер − 1.

Сейсмикалық режим мониторингін  «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» МБ жүзеге асырады.

Эксперименттік база кешенді геофизикалық обсерватория жүйелерінен, сейсмикалық, гидрогеохимиялық, гидродинамикалық стансалардан, бақылаудың геофизикалық пункттерінен, сейсмобиологиялық стационарлардан, GPS космостық геодезия пункттерінен, химиялық зертханалардан, ақпараттарды жинау және беру жүйелерінен, жетілдірудің жергілікті орталығынан, мәліметтер банкінен  құралған.

Алматы қаласы аумағында 15 пункттен тұратын  инженерлік-сейсмометрикалық қызметі құрылған,  бұлар сейсмикалық шағынаудандастыру проблемаларын шешу үшін арналған ETNA типтес күшті қозғалысты сандық стансалармен жабдықталған. Әртүрлі күштегі жерсілкіністерін үзіліссіз тіркеу және жою үшін заманауи аппаратура кешені пайдаланылады, бұнда «Вулкан» сейсмометрикалық жүйелі  IDS-24, GSR-18, Q-730, DAS-6102 сандық сейсмикалық стансалары енгізілген. Жер қыртысының қазіргі заман қозғалыстарын тіркеу мақсатында GPS пунктіндегі космостық геодезия бойынша жұмыстар жүргізіледі.  Қабылданған ақпараттарды өңдеу заманауи ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асады.

Іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері:

Стандартты құрылым және құрама каталогтың мәліметтер форматы жасалды, бастапқы мәліметтерді стандартты түрге аударудың және бос каталогқа қосымша параметрлерді есептеудің (балдық есептегі эпицентрдегі сілкіністің магнитудалар мен үдемеліліктері) алгоритмдері таңдалды, «ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» МБ каталогтарын стандартты түрге ауыстыру бағдарламалары жазылды және дұрысталды. Биологиялық мәліметтер банкін толықтыру жалғастырылды, жануарлар белсенділігін варияциялаудың спектральдық талдауы жүргізілді. Сейсмотөзімді жерлердегі жануарлардың әрекеттеріне космостық факторлардың әсерін анықтау үшін биологиялық параметрлердің варияциялары салыстырылды, бұлар атмосфералық қысыммен, ауаның температурасымен, күннің белсенділігімен  (Вольф санында) сейсмобиомониторинг жүйесінде өлшенді, корреляциялық талдау жүргізілді. Солтүстік-Тянь-Шань орогенінің жер қыртысындағы құрылымдық-заттық әр текті бөліс критерилері жаңа негізде  айқындалды.    6,0 астам  магнитудалы жерсілкінісі ошақтары жер қыртысының негізінен гранитті-гнейсті  бөлшегінде қалыптасады; ал М≥7,0 гранитті-гнейсті және базальтті қабаттарының тараулар шекарасына орайластырылады. Корреляциялық байланыстар сейсмикалық режимнің параметрлері арасында және жер үстінің заманауи қимылдарының өзгерістерінде орналастырылған. Жер қыртысы мен жоғары мантияның геофизикалық бағалауы сейсмикалық белсенділіктер  факторлары ретінде жүргізілді.  Сейсмикалық үдерістердің физикалық табиғаты және геофизикалық жерлердің динамикасындағы ауытқушылық әрекеттердің механизмі туралы қолданыстағы тұжырымдаманың талдауы жасалды және болжау сипатындағы геофизикалық материалдарды өңдеу мен талдауға жаңа амалдар жетілдірілді.

Жаңа геотраверстер бойынша жер қыртысының екіөлшемді Р және S-жылдамдықты әрі тығыздықтағы моделдері жетілдірілді. Тұңғыш рет жерсілкінісін тудырушы жерлерді сейсмологиялық параметризациялау әдістері жетілдірілді және  Жоңғар-Солтүстік-Тянь-Шань аймағының параметризациясы жүргізілді.  Түркістан, Фараб-Тамдыбұлақ, Фараб-Бабатаг, Теджен-Карабекаул-Қойташ геотраверстері бойынша Р-жылдамдық өзара келісімі және  тығыздық моделдердің зерттелімі жүргізілді. Осы геотраверстер бойынша Vs -тен Vp-ге және  ρ корреляциялық тәуелділік есебімен бірге S-жылдамдықты моделдеу орындалды.  Сейсмикалық томографияның жылдамдықты параметрлерінің 1D-4D үшін әртүрлі қызметтерінің есептеу растығы зерделенді; Алматы полигонының жер қыртысы үшін жылдамдықты параметрлерінің таңдалған қызметтері есептелді; 10-нан 30 км-ге дейінгі тереңдіктегі жылдамдықты параметрлердің әдісі жетілдірілді және картасы жасалды. Жер қыртысының сейсмотектоникалық деформацияның моделдеу алгоритмінің талдауы жүргізілді; сейсмотектоникалық деформацияны  есептеу үшін  ұзақмерзімді орташа сейсмикалықтың картографиялық және сандық моделдері жетілдірілді; Қазақстан аумағындағы сейсмотектоникалық деформацияны есептеу үшін жерсілкінісі ошақтарының механизмдер параметрлерінің картографиялық және сандық моделдері жетілдірілді; жоғарысейсмикалық аймақтар үшін ұзақмерзімді орташа сейсмикалылықтың және жерсілкінісі ошақтары механизмдерінің негізінде сейсмотектоникалық  деформация тензорының жылдамдық моделі жасалды. Алматы қ. аумағын сейсмикалық бағалау үшін сандық жазбалары параметрлерінің ауытқушылық және аймақтық банктері жасалды; күшті қимылдар негізінде жер қимылының спектральдық сипаттарының талдауы мен моделдеуі жүргізілді; сейсмикалық қатерлерді есептеу бағдарламасы үшін қауырт жылдамдатудың тоқталу тәуелділігі анықталды; Алматы қ. үлгісінде жартасты жер қабаты үшін сейсмикалық қауіптілікті бағалаудың ықтималдық моделдері жасалды.  Алматы қаласы аумағының үлгісінде Қазақстан Республикасының сейсмоқауіпті аумақтарында орналасқан елді мекендер үшін жеке сейсмикалық қатерлерді бағалау әдісі, сондай-ақ, жеке сейсмикалық қатерлердің картасын жасау әдістері жетілдірілді.

Еліміздің тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар стратегиялық нысандарының сейсмикалық қауіпсіздігінің жағдайына және даму болашағына талдау жүргізілді.  Өнеркәсіптік және ифрақұрылымы аса маңызды нысандарды қорғауды арттыру бойынша тиімді іс-шаралардың тізімі жасалды, бұл олардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Эксперименттік  жолдар арқылы алынған мәліметтер негізінде стратегиялық құрылыстардың техникалық диагностикасының әдістемесі жасалды. Стратегиялық нысандардың сейсмологиялық мониторингін жүргізу қажеттілігіне ғылыми-техникалық негіздеме орындалды және сейсмологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастырудың жалпы принциптері қарастырылды. Мұнайгаз, таукен-металлургиялық және энергетикалық салалар нысандарының сейсмологиялық мониторинг  жүйесі жетілдірілді, бұл осы стратегиялық нысандардың спецификалық сипаттарын ескеріп істелген. Стратегиялық нысандардың полигонын құру және сейсмологиялық мониторингін жүргізу бойынша жалпылама регламент құрылды,  бұл олардың сейсмикалық үдерістер мен әрекеттер болуынан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Іргелі және қолданбалы зерттеулер нәтижесінде карталар жасалды:

• Батыс Қазақстан облысының сейсмикалық аудандастыру картасының масштабы 1:1000000;
• Алматы облысының сейсмикалық аудандастыру картасының масштабы 1:1000000;
• Жамбыл облысының сейсмикалық ауданстыру картасының масштабы 1:1000000.

Елбасының сөйлеген сөздері